Қызылорда облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Қызылорда облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды

Қызылорда облысында дауылдап соққан күшті желдің салдарынан жоғары қуатты электр бағаналары құлап, бірнеше ауыл жарықсыз қалды.

  • 2 Маусым 2011
  • 375
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 1 маусым күні кешкі сағат сегіз жарымда Арал ауданының Аққұлақ тұрғын кентінде кенеттен соққан ұйытқыма жел жоғары қуатты үш тіреуіш діңгекті құлатып, Бөген, Қарашалан, Қаратерен және Тастақ кенттерінің барлығы 700-ден астам абонентін жарықсыз қалдырды.

Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-ның 2 адамы мен 1 техникасы, Арал ауданы электршілерінің 3 бригадасы және 3 техника айналысуда.

Соңғы жаңалықтар