Келісімге сәйкес, тараптар заңсыз еңбек мигранттарына қолдау көрсететін құрылымдарды және олардың арналарын анықтау мен жоюды; еңбек көші-қонының көлеміне мониторингті, заңсыз мигранттарды шығару мен депортациялау тетіктерін әзірлеу мен жетілдіруді, келісімге қатысушы-мемлекеттердің аумағында жұмыс істеу мақсатымен келуді шектейтін келісілген шаралар әзірлеуді және т.б. жүзеге асырады.
Тараптардың ынтымақтастығы бірнеше форма бойынша жүргізіледі. Келісімге мүше-мемлекеттер көші-қон және шетелдік азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативті-құқықтық актілермен алмасуға; аталған проблемаға қарсы тұру бойынша оперативті-алдын алу шараларын ұйымдастырып, өткізуге, тәжірибе алмасуға, семинарлар, оқу курстарын өткізуге міндетті.
Бұл келісімне 2010 жылдың қарашасында Санкт-Петерборда Беларусь, Қазақстан және Ресей заңсыз еңбек кқші-қонының жолын кесу бойынша ынтымақтастық үшін құқықтық негіз құру мақсатында қол қойған болатын.