"36 млн теңге": Танымал блогер өзінің бір айлық табысын жария етті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Танымал блогер, кәсіпкер Ырысбала Икрамбай айлық табысын көрсетіп, қайда жұмсайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды. 

Желі жұлдызы Алматының қақ ортасынан зәулім екі қабатты жер үй сатып алған еді.

“Неше күннен бері денсаулығым сыр беріп, ауруханаға жатпай, үйден ем қабылдап жатырмын. Жүктіліктің аяқталуына да сәл қалды. Еркелеп жүрмін. Біздің соңғы жаңалығымыз – жер үй сатып алдық. Ауласы кең, жер үй арман еді. Алматының төрінен алып жатырмыз. Үй құтты болсын деп қойыңыздар. Енді 5-6 айлық жөндеу басталды”, – деп жазды блогер.