Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Ол қазіргі уақытта үйлену тойына дайындалып жүргенін айтты.

«Той бұйыртса 2025 жылы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Оқырмандары тарапынан «Аяғыңыз ауыр ма?» деген сұраққа да жауап бері өтті.

«Маған «Аяғың ауыр ма?» деген сұрақтар көптеп келіп жатыр. Босанғанша сіздерге айтпай-ақ қояйын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын», - деді актриса.

Айгүл Иманбаева өз сөзінде келер жылы ұлы Асылжанның да үйлену тойын жасауды жоспарлап отырғанын айтты.