Көпшілік әншінің бұған дейін қайын жұртымен бірге көрмегенін жарыса жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші жүрек жарды лебізін желідегі парақшасында білдірген.
"Айналайын қайын сіңлім, қуанышты күндерің құтты болсын! Бір-біріңе әрдайым тірек болып, сыйластықтарың мен махаббаттарың баянды болсын. Шаңырақтарың биік, бақтарың тұрақты, ұрпақтарың үлгілі болғай! Алла бақ-берекесін аямасын!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары қайын жұртын асыра мақтаған әншіге тәнті болған. Олар жылы тілектерін желіде жаудырып жатыр.