"Ақан Сатаевпен бірге бақытты болыңыздар": Қалыңдық көйлегімен көзге түскен актриса Альмира Тұрсын елдің қызу талқысына түсті

Көпшілік өнер иесі тұрмыс құрды деген болжам айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Актриса өзінің желідегі парақшасына қалыңдық көйлегімен түскен фотосын жүктеген.

Көпшілік өнер иесіне бақыт тілеп, жылы тілектерін жаудырып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін актриса белгілі режиссер Ақан Сатаевпен бас қосты деген ақпарат тараған еді.