"Әкеңнің әруағы қолдасын": Марқұм Асанәлі Әшімовтың ұлы 18 жасқа толды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Марқұмның жары Бағдат Әшімова желідегі парақшасында ұлын құттықтап жазба жариялады.

"Асылымның тұяғы,әкесінің ізбасары, кіші Асекең бүгін 18 жас кәмелетке толды. Балапаным өмір жасың ұзақ болсын. Алланың назарында бол балам. Асқар тау әкең сенің жігіт болғаның, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын. Армандарың орындалсын. Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын", - деп жазды ол.

Қазақстанның Еңбек Ері және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21-ші желтоқсанында 88 жасында дүние салды