"Әкесі мен қызы сияқты": Өзінен 15 жас кіші қызға ән арнаған Жігер Ауыпбаев сынға қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде Мумина есімді арумен бірге түскен видеосын жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бейнежазбада өнер иесі жас қызбен бір-біріне сыйлық ұсынып отырған сәттерін көрсеткен.

Видеода бойжеткен алдымен әншіге сыйлық табыстаса, көп ұзамай Жігер Ауыпбаев та өз кезегінде тосынсый жасап, қыздың құрметіне арнайы жазылған жаңа әнін арнайды. Әншінің бұл қадамы желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікірдің туындауына себеп болды.

"Менің беретін сыйлығым, сізге арнайы жазылған, мен жүрегіммен, сезіммен, махаббатпен орындаған "Кішкентай қыз" деген ән", - деді әнші.

Алайда желіде тек жылы лебіздер ғана емес, сын-пікірлер де жазылуда. Көпшілік олардың жас айырмашылығына назар аударып, араларындағы 15 жасты жиі тілге тиек еткен. Кейбірі бойжеткеннің тым жас екенін айтып, мұндай қарым-қатынасты құптамайтынын білдірсе, енді бірі бұл — әр адамның жеке таңдауы екенін алға тартуда.

"Қыздың сөйлегені қандай жағымсыз", "Мынау қызы ба, әйелі ма? Қара келін сүйкімді еді", "Қыз Жігердің атағы мен ақшасы үшін жүріп жүрген шығар", "Қыз кішкентай бөпе ғой", "Папасы мен қызы сияқты", "Түр десе түрі бар, бой десе бойы бар, жігіттің сұлтаны десем артық емес. Мына бөпе саған лайықты емес сияқты", - деп жазды олар.

Қазіргі таңда Жігер Ауыпбаев та, видеоға түскен бойжеткен де желідегі сынға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, өнер иесі сүйіктісінің өзінен 15 жас кіші екенін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген еді.