Блогердің тойы мен жаңа күйеуі көптің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші Жанар Айжанованың жалғыз қызы екінші рет тұрмыс құрып, көппен өміріндегі қуанышты сәттермен бөлісті.
Айжұлдыз Адайбекова блогер Сәкен Қағаровпен бас қосқан. Олардың тойы ерекше стильде өтіп, көптің қызу талқысына түсті.
Жұлдызды жұптың той киімдеріне дейін ерекше болған. Айжұлдыздың айтуынша, мұндай стильдегі той көйлегін кию идеясын әйгілі Дженифер Лопестен алған.
Жас жұбайлардың үстіндегі киімінде Айжұлдыздың ұлы Назардың суреттері бар. Көпшілік жас жұпқа бақыт тілеп, жылы тілектерін жаудырып жатыр. Сонымен бірге, Адайбекованың сәтсіз некеден кейін, қазіргі күйеуіне тілеген тілегі де елдің қызу талқысына түсті. Онда блогер бүгінгі өмірін "Алладан дұға арқылы тілеп алғанын" ашық айтқан.