Көпшілік оның ақылды келін екенін жарыса жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz. тілшісі.
Айдарбековтардың әулетінің екінші ұлы Аян Нұртастың әйелі Әйгерім желіде қайын ағасына арнап жазба қалдырды. Ол Қайрат Нұртасқа қолдау білдіріп, оған қиындықтың бәрінің артта қалуын тілеген.
"Қоғамдық жерлерде адамдар мен және менің отбасыма қолдау көрсетіп жатады. Мен барлығына ризашылығымды білдіремін және бұл жай сынақ екенін ғана айтамын. Тек соңғы 7 жылда ғана мен білетін түрлі қиындықтар болды, бірақ Аға бәріне шыдап берді. Бәрінен бұрын ата-анамыз алаңдап отыр.
Мен өз еліңнің сүйіспеншілігіне бөлену - қиын әрі машақаты көп жол екенін түсіндім. Оған қатысты қаншама резонанс пен сыни пікірлер айтылса да, Аға ақырындап, байыппен өзінің кім екенін дәлелдеді.
Сондықтан мен одан асықпай, саспай, кейде тіпті күле отырып, бәріне қара қазандай ренішін білдірмей, өмірдің бар қиындықтарын артта қалдыруды үйрендім.
Мен тек Ағаға зор денсаулық тілегім келеді. Аман болыңызшы", - деп жазды ол.
Көпшілік Нұртас әулетінің келінінің бұл әрекетіне қолдау көрсеткен. Олар: "Келін болса осындай болуы керек", "Жарайсың Әйгерім, бізге де өзің сияқты адам келін бұйырсын", "Жас болса да ақылдысың" деген пікірлерін жаудырып жатыр.