"Әркім өміріндегі іс-әрекетіне өзі жауап берсін": Алтынай Жорабаева екінші күйеуі туралы

Көпшілік оның екінші некесі де сәтсіз болғанын болжауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Әркімнің өз шындығы бар… Бірақ, ақиқатын Алла ғана біледі! Блогер болсын, имам болсын, психолог, коуч болсын, әнші болсын , шенеунік болсын, жабық киінгені болсын, ашық киінгені болсын, орамалдағы болсын, жалаңбасы болсын , ішімдік ішетіні болсын, тақуасы болсын ,
ешқайсы ешкімнің өміріне, жеке шаруасына, өмірлік ұстанымына айып тағуға құқығы жоқ !

Өз стандартыңызбен басқадан ештеңе талап етпеңіз! Әркім өміріндегі іс-әрекетіне өзі ғана жауап береді", - деп жазды ол.

Көпшілік әншінің күйеуімен арасында келеңсіздіктер болғанын жазуда. Олар: "Күйеуіңіз кетіп қалды ма?", "Отбасыңызда қиындықтар болып жатқан сияқты", "Неге жасырып отырсыз? тағы да ажырасып кеттіңіз бе?" деп жазуда олар.