Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол марқұм жарының шәкірттерін қара шаңырағында қонақ қылып, батасын бергенін айтты.
"Асекеңнің соңғы курсы. Төрт жыл бойы Асекеңнен тәлім алған жастар академияны тәмамдап, арман қуып үлкен өмірге қанат қақты. Асекеңнің өзі арамызда болмаса да, оның қара шаңырағының батасын алып, өмір мен өнер жолына аттандыруды жөн санадым.
Сондықтан түлектерді қазақы дәстүрмен Асекеңнің қара шаңырағына шақырдым. Қара шаңырақтан алған ақ бата әр шәкірттің жолын ашып, өнердегі қадамын нық етсін", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Бағдат Әшімованың бұл әрекетін тектілікке балап, жылы лебіздерін жарыса жазуда.
”Сіз жол білетін адамсыз. Балалардың жолы болсын”, “Неткен көрегенділік, тектілік. Алла пейіліңізге берсін”, “Жарыңызға деген құрметіңіз баршамызға үлгі болсын. Қандай керемет”, “Ағамыздың жоғын білдірмей жүрген сіз мықты әйелсіз”, - деп жазды олар.
Еске сала кетейік, қазақ театр және кино өнерінің көрнекті тұлғасы, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 2025 жылы 21 желтоқсанда 88 жасында дүние салды.