"Атаңның қайтқанына 100 күн де өткен жоқ, мына жүрісің не": Көпке жаңа образын көрсеткен Аша Матай елден оңбай сөз естіді

Көпшілік өнер иесінің бұл әрекетін жақтыртпаған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Көпшілікке, әсіресе, әншінің қайын атасының 100 күндігі өтпей жатып, образ өзгерткені ұнамаған. Олар өнер иесі тым құрыса 100 күн бойы көптің алдына шықпай, аза тұту керектігін айтуда.

Желі қолданушылары осыған қатысты түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.

"Толып кеткенсіз бе?", "Бізде қазақ эстрадасында Лидо ғана талғаммен киінеді, қалғандары аман болсын", "Атаңның 100 күні өтпей жатып, желділдеп жүрген не жүріс мынау? Ұят қайда?", "Бел жоқ, жаман толып кеткен ғой",- деген пікірлерін жаудырып жатыр.