"Бәрі жаңа, бәрін алып қойдым": Ерке Есмахан болашақ сәбиінің жынысын айтып қойды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші сүйінші жаңалығымен Instagram желісіндегі Stories бөлімінде бөлісті.

"Күнделікті уход жасайтын косметикамды көрсетпеймін, духиді де, сіздерге тек декоративті косметиканы ғана көрсетіп жатырмын. Босанып алғаннан кейін керек болады деп, қос-қостап алып қойғанмын, қызыма да бермейтін шығармын.

Жинап сіздерге көрсетіп отырған косметиканың бәрі жаңа, күнделікті қолданатыным басқа жерде тұр. Мұның бәрін енді қызыма да бере алмайтын шығармын, ол мұны менсінбейтін де шығар, "мама, мынаның бәрі ескі деп. Қолға арналған крем, сабын, суға түсудің өзі осындай шығын", - деп күлді әнші.