"Басыма жабылған ақ орамалды үлкен енем қалдырған": Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық өмірінің алғашқы жылдарын еске алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

“Өлі разы болмай, тірі байымайды”.... Бұл сапар рухани болмақ. Балаларымды елге апарып, ата-баба әруағына құран бағыштау біраздан бері ойда жүрген еді. Тегін, түбін түсіндіру, ізет көрсету деген ниет.

Әсіресе Нарұлым өскен сайын көп нәрсені білгісі келеді. 
Бірде: "Анашым, менің атамның әкесі қандай адам болған? Немен айналысқан? Қай ауылда, қай үйде тұрған? Неше бауыры болған?… деген сарында сұрақтың астына алды. Сонда ұлыма берген уәдем бар. Басына барып, құран оқисың балам. Ата-баба жайында ауылдағы ағайынның өзінен естисің, сенің бабаларың өз ауылында ел билеп, айналасына пана болған жандар болған. Расында солай еді. 

Мен келін болып түскенде, басыма жабылған ақ орамалды үлкен енем қалдырып кеткен екен. Сезімді көрсем деген арманы болған әжеміздің басына да бардық. Балаларға үлкен ата-әжеміздің тұрған үйін көрсеттік. 

Алауымды босанып келгенімде, қасымда қырық күн болып, қызымды бесікке салып, көмегін аямай, көпті үйреткен енемнің анасының басына да барсақ дейміз. Бұйыртса, ертең", - деп жазды актриса.