”Басымыз қосылып, мәре-сәре болып жатырмыз”: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз бен оның ата-анасын қонақ қылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Видеодан әншінің анасының отбасы мүшелеріне жаңа жылдық сыйлық табыстап жатқанын байқауға болады.

“Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт! Барлығы көріп жүрген күлімсіреу – шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді.Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға-жеткілікті”, – деп жазған ол.

Сондай-ақ, продюсер ене келіні Жұлдыздың ата-анасына да сыйлық табыстады.

“Құдамыздың ауырып қалғанын естіп бас киім алдым. Ал құдағиыма қаракүзеннің терісінен сырткиім”, – деді ол.

Желі қолданушылары мен Гүлзира Айдарбекованың оқырмандары аталмыш видеоға жылы пікір білдіруде.

”Бақытты отбасы, көз тимесін. Қайраттың қанаты талмасын. Гүлекең ғой отбасын осынша дәрежеге жеткізіп жүрген”, “Берекелеріңіз арта берсін”, “Қуанып отырмыз, енді Жұлдызды сіздің жаныңыздан үнемі көргіміз келеді”, - деп жазды ол.