Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші соңғы сұхбатында ішіне жын кіріп кеткенін айтты.
"Сиқыр деген нәрсе бар ғой, маған бір емес, екі рет жасалған. Екі санымды сабалап ұрғаным соншалық, ертеңінде көгеріп қалғанын байқадым. Өзімді-өзім сабалап тастағанмын.
Ешкіммен сөйлескім келмейді, ешкімді көргім келмейді. Мұның соңы - өлуің керек. Тіпті, ваннада өзімді бір рет тұншықтырып көргенмін.
Яғни, Индира Расылханның ішіндегі жын шықпады", - деді ол сұхбат барысында.
Көпшілік оны бұл сұхбатынан кейін қатаң сынға алды. Олар түрлі пікірлерін желіде жаудырып жатыр.