"Бізге де жұғысты болсын": Баян Алагөзованы құттықтаған бір топ қазақ әншілері өздерінің бала сүйе алмай жүргендігін ашық мойындады

Өнер иесін құттықтаған қазақ әншілері, Мақсатқызының бұл бақыты өздеріне де жұғысты болсын деген ниеттерін жасырмады, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

Баян Мақсатқызының құттықтаған атақты тұлғалардың ішінде әншілер Мәдина Сәдуақасова, Гүлнұр Оразымбетова, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бар.

Олардың әрқайсысы Баян Мақсатқызын құттықтап, ақ жарма тілектерін арнаған. Сондай-ақ, бұл қуанышты жаңалық өздеріне жұғысты болсын деп тілеп, өздерінің бала сүйе алмай жүргендігін мойындаған.

Айта кетейік, кеше атышулы продюсер Баян Мақсатқызы елу жасында қыз баланы дүниеге әкелген болатын.