"Бұл енді шектен шығу": Он жастағы ұлына қымбат көлік әперген Мәдина Сәдуақасова сынның астында қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші қуанышты жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.

"Әнуар машинасын ауыстырды! Су жаңа 2024 жылғы. Ойлап қалмаңыз өзі рульге отырады деп , әрі бері мектеп , баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық...
Құтты болсын, жаңа көлік. Туған күн жалғасуда. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын!", - деп жазды әнші.

Көпшілік өнер иесінің бұл әрекетін сынға алған. Олар желіде түрлі сыни пікірлерін жарыса жазып жатыр.