"Бұларға мода болды, мешіттен қағаз алып, үйлендік дейді, ол үйлену емес, бұл - "сожительство": Халық үшінші рет үйленген Жахан Отарғалиев туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Еске салсақ Жахан Отарғалиев күні кеше үшінші рет үйленгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған еді.

Бұл жолы актердің таңдауы кімге түскені әзірге белгісіз. Өнер иесі желіде оның бетін бүркеп, хиджабтағы қызды қолына қондырғанын мәлімдеді.

Десе де көпшілік оның бұл әрекетін сынға алуда. Олар әлеуметтік желіде түрлі сыни пікірлерін жаудырып жатыр.