Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жастар арасында танымал болып жүрген тренді қайталауға тырысқан. Аталған видеоға оның жолдасы Айдарбеков Нұртас та қатысқан.
Десе де көпшілік олардың осы жасқа келіп, жастарға еліктеп жүргенін сынға алған. Олар:
"Еріккендер", "Осы жасқа келіп басқа істейтін тірлік қалмады ма?", "Қартайған шақта бір түрлі екен" деген пікірлерін жаудырып жатыр.