Әңгіме барысында өнер иесі Димаш Құдайбергенмен қарым-қатынасы туралы да баяндады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әлішер Кәрімов журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында Димаш Құдайберген не үшін араласпай кеткенін айтты.
“Шынымды айтсам, Димашпен қазір байланысым жоқ. Бірнеше ай бұрын студияда көріп қалдым. Жағдай сұрастық, екі минуттай ғана сөйлестік. Туған күнімізде бір-бірімізді құттықтамаймыз. Хабарласпаймыз. Қытайға дейін болған байланысы басқа, Қытайдан кейін басқа болып кетті. Неге екенін білмеймін. Уақыты жоқ шығар. Бір кезде телефон нөмірімізбен алмасайық деген болатынмын. Бірақ жауап болмаған соң, сол жерден қоя салдым. Мен жалынғанды ұнатпайтын адаммын”, – деді әнші.
Көпшілік әншінің бұл пікірімен келіспеген. Олар: "Сен кімсің, Димаш кім? Енді Димашқа да тиістіңдер ме?", "Ұят қайда, біздің әншілерге не болған, бір-біріне тиісіп?", "Әлішер, сендер көп, ол біреу, сендер той деп жүрсіңдер, ол ел деп жүр" деген сыни пікірлерін жаудырып жатыр.