Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қуанышты жаңалықпен блогердің әйелі Таңшолпан өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
"Аллаға шүкір, ең қиын операциядан, ең ауыр сәттен өттік. Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден “өкінішке орай” деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық, әрекет етуді тоқтатпаймыз. Тілеулес болыңыз, бұл жеңіс емес бірақ жеңіске чуть-чуть қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа сүйінші сұрайтын күнге жетейік.
Емделу барысында ішкен дәрі-дәрмек 1 айда 9.5 кг салмақ қосты. Бірақ бізге поф… бастысы бізге керек нәтиже бар, енді операциядан кейін есті жинап алып қайтадан соска болу керек", - деп жазды ол.