"Ерке қыз емес, еркек қыз болдық": Мақпал Жүнісова елдің сынына жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші тедежүргізуші Дина Төлепбергеннің сауалдарына жауап берген.

"Сүтпен шай немесе сүтсіз шай?" деген тележүргізушінің сауалдарына әнші: "Сүтсіз шай" деп жауап берген. Сол сияқты "Алматы немесе Қарағанды, қай жер ыстық" деген сауалдарға: "Алматы, Қарағанды туған жерім, ауылда туғанмын", - деген әнші.

Cонымен бірге журналистің: "Бойыңызда не көп, өнер әлде нәзіктік" деген сауалына: "Өнер көп. Нәзіктікті ұмытып кеттік қой қазір. Ерке емес, еркек қыз болып кеттік қой" деп жауап берді әнші.

Көпшілік әншінің шынайы жауаптарына риза болған. Олар: "Өте ашық, шынайы жауап берген, қазақтың ерке қызы болып жүре беріңіз", "Дұрыс болған, қандай әп-әдемі жауаптар", "Мақпал апай, аман жүріңіз" деген тілектерін жаудырып жатыр.