Әнші "қара тізімде" екенін мойындады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші Дина Төлепберген берген сұхбатында қара тізімге енгенін атап өткен.
"Иә, кейбір жерлерде мені орамалым үшін шақырмайды. Мен шынын айтамын, Дина ханым, басымды қатырмаймын. Қара тізімге кіріп кеттім бе, одан қалай шығамын? Мен басымды қатырмаймын. Мен олардың қара тізіміне, болмаса мен олардың концертіне, олардың телевизиялық жобасына мен мұқтаж емеспін. Мені тыңдайтын халық, 20 жыл бойы мені көтермелеп отыр. Құлаған жерімде көтеріп жіберіп отыр. Мені тыңдайтын халық, олар өздері тауып алып-ақ тыңдап жүр", - деп ағынан жарылды әнші.