"Есімі Дүрия": Тележүргізуші Асхат Садырбайдың тағы бір әйелмен қарым-қатынаста болғаны туралы ақпарат тарап кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жеке өміріне қатысты барлық құпияны журналист Руслан Өтепбай тележүргізушімен сұхбат барысында анықтауға тырысқан.

Сұхбат барысында ол Дүрия есімді бойжеткенмен қарым-қатынаста болып, бірақ онымен заңды некеге тұрмағанан атап өтті.

Естеріңізде болса, ол Ерке Есмаханнан кейін тағы да отау құрып, Айғаным Болат есімді келіншекті ұрып-cоғып, күн көрсетпегені анықталған еді. Одан бөлек Асхат Садырбай бүгінде өзінің заңды некедегі әйелімен бірге тұрып жатыр.

Көпшілік оның әрекетін жаппай сынап жатыр. Желіде тележүргізушіні телеарнадағы қызметінен босату туралы ұсыныс айтылуда.