Жеке өмірі дауға ұласқан Асқар Ілиясов бұрынғы сүйіктісі Ая Шалқарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Кино жұлдызы сүйіктіңмен жанжалдасу кезінде татуласуға тырысу маңызды екенін атап өтті.
“Қазір сөйлеуді үйреніп жүрмін. Ойымды анық айтып, диалог құруға ыңғайсыз тақырыптарды көтеруді үйреніп келемін. Біріншіден, қарама-қарсы тұрған адамды естуге тырысу керек. Ең бастысы – осы. "Жұбайымды өмірімде бір рет болса да естіп көрейінші" деу керек. Есту және айту жағынан ол да маңызды, тек шындықты айту керек. Сосын еститін құлақ болуы керек", – деген пікір айтты актер.