Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бағлан Әбдірайымов желідегі парақшасында жеке өмірінің құпиясын ашты.
"Еркекті банкрот құртпайды, еркекті арақ құртпайды, еркекті құмар ойын құртпайды, төбелес, жігіт құртпайды. Еркекті сындыратын бір-ақ нәрсе бар. Ол үйдегі әйелі. Кез келген еркек менімен қосылады деп ойлаймын. Сен үйдегі әйелмен таласқаннан гөрі, көшеде еркекпен төбелескенің артық. Болмаса спорт залға барып, профессионалдардан өліп таяқ жегенің жақсы. Сондықтан, мен өзім де байқаймын. Еркектің сағын сындыратын, тек әйелдер ғана. Қалған сынаққа еркек шыдай береді. Жақсы әйел жаман еркекті ер етеді, ал жаман әйел жақсы еркекті ез етеді деген қазақтың сөзі осыдан шыққан", - деп ағынан жарылды әнші.