"Иманбекті Jay-z мен Beyonce-ден қорғадым": Роза Рымбаева Иманбек туралы атышулы пірінен кейін күтпеген мәлімдеме жасады

Америкалық продюсер, әнші-рэпер P. Diddy-ге зорлық жасады әрі адам саудасымен айналысты деген айып тағылып отыр. P. Diddy-дің қазақстандық шоу-бизнеске қандай қатысы бар? Әнші Роза Рымбаева кезінде "Грэммиді" алған алғаш қазақ баласы Иманбек Зейкеновті неден қорғады? Caravan.kz зерттеп көрді.

P. Diddy деген кім және оның айналасында қандай шу шықты?

Ашық ақпарат көздеріндегі деректерге сүйенсек, рэпер P. Diddy-дің (Пи Дидди)шын есімі - Шон Джон Комбс. 90 жылдары АҚШ-тан бөлек, бүкіл әлем бойынша әндері жаңғырып тұрған оны, шоу бизнес өкілдері продюсер, таланатты ұйымдастырушы әрі әнші-композитор ретінде таниды. Музыка әлемінің "Оскары" саналатын әйгілі "Грэммиді" 3 рет қатарынан алған рэпер, ән әлеміндегі жетістігі мен табысы үшін, тіпті 2022 жылы Forbes-тен бірақ шыққан. Мамандар оның байлығын 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде бағалаған. Ал, 2019 жылы ол гонорары ең жоғары шоу бизнес өкілдерінің қатарына енген. Сол жылы оның тапқан табысының көлемі 70 млн АҚШ долларын құраған деседі. Сөйтіп, Пи Дидди рейтинг бойынша тоғызыншы орынға іліккен.

Қыркүйек айында атышулы рэпер қамауға алынды. Бүгінде оған зорлық жасады және адам саудасымен айналысты деген айып тағылып отыр. Бір қызығы, әйгілі музыкант ұйымдастырған "Ақ кештерде" Джей Зи, Бейонсе, тіпті Дженифер Лопес сынды АҚШ шоу бизнесінің ірі өкілдері қатысқан. Сонымен бірге, полиция рэпердің үйін тінту барысында, 1000-ға жуық балалар майын тапқан. Қазіргі таңда, Пи Дидди танымал әнші Джансин Биберге де зорлық көрсетуі мүмкін деген күдікке ілініп отыр.

Әнші 50 миллион АҚШ долларын ұсынып, үй қамаққа шықпақшы болған. Алайда, сот оның арызын қанағаттамай, кері қайтарған. Енді, рэперге қатысты сот отырысы келер жылдың мамыр айында болады деген болжам бар.

Қазақ шоу бизнесінің Пи Диддиге қандай қатысы бар?

Музыкалық продюсер Пи Диддидің шулы оқиғасы қазақ қоғамын да айналып өтпеді. Көптеген блогерлер мен қоғам белсенділері, әншілер оқиғаға қатысты өз ойларын ашық айтып, сот шешімін күтіп отыр. Мәселен, Халық әртісі Роза Рымбаеваның өзі кезінде "Грэммиді" алған Иманбектің жеңісін "Оның жолы болды" десе, енді әнші ол пікірін оны осы Пи Дидди мен оның маңындағы жандардан құтқару үшін, айтпақ болған екен.

"Мен Иманбекті Джей-Зи мен Бейонседен қорғадым. Ол грэммиді енді алған кезінде — оның өміріне қауіп төніп тұрған еді. Бұрын мен бұл туралы айта алмадым, бірақ қазір бәрі ашылғаннан кейін мен P.Diddy жайында сол кезден білдім деп растай аламын, — деді Роза Рымбаева. "Мен Иманбекті кәсіби музыкант деп санаймын. Оның Грэммиді алғаны сәттілік емес, үлкен еңбегісе нәтижесі деп санаймын. Ол өзінің танымалдылығына толығымен лайықты болды", - деп қосты әнші.

Сол сияқты қоғам белсенділері мен блогерлер де аталған оқиғаға қысты пікірлерін жарыса жазып жатыр. Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай бізде де қоғамда шулы оқиғалар "Пи Диддидің ісі сияқты тез қаралып, сот үкімі тез шықса ғой" деген пікір білдірсе, блогер әрі журналист Перизат Пи Дидди ісін жіті бақылап, оқырмандарға барлық ақпараттармен бөлісіп жүр.

Айта кетейік, бұған дейін Рымбаева Иманбектің Грэмми алған жеңісін "Оның жолы болды" деп, айды аспанға бірақ шығарған еді. Сол шулы оқиғадан кейін, біршама уақыт өтсе де, көпшілік оны күні бүгінге дейін естен шығарған емес.