"Қайта қосылған": Хиджабтағы әйелін тастап, Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге көрінген Қайрат Нұртас елдің қызу талқысына түсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қайрат Нұртастың желідегі парақшасында бірінші әйелі Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге түскен сәті пайда болды. Онда ол Жұлдыздан бөлек, балаларымен де бірге жүргенін көруге болады. Көпшілік әншінің Жұлдыз Әбдікәрімовамен ажыраспағанын жазуда.

Айта кетейік, бұған дейін эстарада жұлдызы желіге хиджабтағы бойжеткеннің суретін салып, елдің қызу талқысына түскен еді. Көпшілік оны орамалдағы арумен бас қосқан деген болжам жасаған болатын.