Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әбдікәрімова әзірге шетелге не себепті аттанғанын айтпаған. Десе де, оқырмандар оның денсаулығы сыр беруі мүмкін екенін айтуда.
Актрисаның өзі болса: "Кореяға сапарды үш ай бұрын жоспарлаған едім. Қандай себептермен келгенімді айта жатармын. Әзірге бірге болыңыз" деп қысқа ғана жазба қалдырған.
Оқырмандар өнер иесінің не себепті Оңтүстік Кореяға аттанғанын тағатсыздана күтетінін жазған.