Қандай сынақ келсе де бет жыртыспадым - Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратпен қарым-қатынасы туралы

Актриса өмірде қандай сынақ келсе де, сыр бермейтінін атап өткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол ауруханада жатқан кезде, өзін түрлі ойлар мазалағанын жеткізген.

"Ауруханада жатып, көп ойландым. Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын?…

Өзге тұрмақ, өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау! Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. 

Дүниеде ең оңайы - АҚЫЛ АЙТУ емес пе?! Ал менің таңдауым -ҮНСІЗДІК екен", - деп жазды ол.