"Қаншама жылғы еңбегіміздің нәтижесі": Фариза Төреәлі Астананың төрінен алған су жаңа пәтерімен мақтанды

Блогер бұл жолы елордадан таунхаус алуды жөн көрген, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Сүйінші жаңалығымен блогер өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Алла қалауымен аман-есен көптен күткен қоныс той, тұсау кесерімізді атқарып алдық.

Ата-аналарымыз бір-бірлеріне сыйларын тартып, кішігірім той болды. Мен де туған күніме, Даратай да сыйлықтарға батып қалдық. Ата-аналарымыз, бауыр, достарымыз қуанышымызға ортақтасып қуанып жүр. Қаншама жылғы еңбегіміздің нәтижесі, екі пәтерді қосып, ең әдемі көрініспен, орталықтағы үйді бұйыртқан Раббымызға сансыз шүкір!

Ремонтты толықтай Дархан жасады, мен дым араласпадым. Жайғасу, бүгінгінің дастарханын, оформлениесін бәрін детально махаббатпен жасадым. Әрбір отбасы - баспаналы болсын! Жұғысты болсын! Естелік суреттермен бөлісе кетейін", - деп жазды ол.