Қазақстандық видеограф әлем бойынша үздік саяхатшы-блогер атанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогердің сөзіне сенсек, ол 22 мамыр күні Францияның Канн қаласында өтетін салтанатты кешке қатысады.

"Сүйінші, барша қазақ елі! Дастан ұлдарыңыз әлемдегі ең үздік саяхатшы блогер атанды. Жаңа ғана поштама хат келді. Cannas WIBA Awards 2026 әлем бойынша үздік travel blogger атандық. Францияда Канн кинофестивалімен қатар өтетін WIBA Awards деген жерге мені шақырып жатыр. Белгілі бір саладағы үздіктерді марапаттайды екен. WIBA (World Influencer, Blogger Association) жыл сайын әлемнің ең үздік блогерлеріне беретін марапаттың осы жылғы есебі бойынша саяхат блогерлерінің үздігі атандық. Бұйырса 22 мамыр күні, Францияның Канна қаласында өтетін салтанатты кеште марапатымызды алып кетуге барамыз", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Дастан Мұхамедрахымның Instagram желісіндегі парақшасында 1,5 миллионнан астам оқырман бар. Бұған дейін ол түсірген видео Instagram желісінің ресми парақшасында жарияланып, қазірге дейін 113 миллион қаралым жинады.