Қазақта қыз ұзату тойы болмаған - тарихшы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол"Qazaq Airan" YouTube арнасына берген сұхбатында Өзбекстан халқы негізгі үш мерекені ғана тойлайтынын айтты.

"Өзбекстан мен Қазақстанды салыстырайық. Өзбекстанда бір жылда үш-ақ мемлекеттік мейрам бар. Наурыз мейрамы, тәуелсіздік күні және құрбан айтты тойлайды. Қазақстанда құдайдың құтты күні, 365 күн бойы тойлай береді. Жағамды ұстадым. Орыстың да тойын, жаңа жылды, ескі жаңа жылды, Валентин күнін, 8 наурызды, көрісу күнін де тойлайды. Қыздар күні, әкелер күні деген мереке көп. Одан қала берді туған күнді сұмдық тойлайды екен. Бітпейтін той-томалақ. Сосын оған бюджеттен шашылып жатқан қаржыдан адамның төбе шашы тік тұрады. Осы нәрселерді көрмей келген қазақ едік. Мен өзге елден келіп тұрсам да өзім өскен Тамды ауылында Алматыдан шыққан көркем әдебиеттерді оқығанмын. Ол ауылда бір өзбек, бір орыс жоқ еді. Қазір барсаң да сондай. Бірақ қазақ көп шоғырланған Шымкенттің өзінде қазақтың тілінің басын жарып, көзін шығарып, жүнін жұлған тауықтай ту-талайқайын шығарған. Орыстың кірме сөздері өріп жүр. Оған ағылшынша сленгтер қосылды", - дейді ол.

Қазіргі тойларды қатаң сынаған қоғам белсендісі қазақта ұзату тойының болмағанын да тілге тиек етті.

"Мемлекеттік бағдарлама шығарып тойларды доғару керек. Баяғыда тек үйлену тойын ғана тойлайтын еді қазір қыздар жағы да шашылып жатыр. Мен бала кезде қыз ұзату деген тойды көрмегем. Бізде жоқ еді. Қазақта жоқ болған. Кейінгі уақытта бәсекелестік пе, мақтаншақтық па, даңғазалық па болып кетті. Баяғыда киіз үйде қыз бен жігіттің ет жақындары жиналып, сыңсу айтып, ұзатылатын қызды шығарып салған. Ол той емес. Бүгінгідей қыз ұзату тойы болмаған. 2000-шы жылдан бері қарай аса асқындай кетті", - дейді ол.