Танымал тележүргізуші эфирдегі әріптесін еске алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Дана Нұржігіт әріптесімен болған соңғы эфирді еске алды.
"Алдыңнан жарылқасын, Диас! Бұл екеуміздің соңғы тікелей эфиріміз екен. Кім білген...", - деп еске алды журналист.
Айта кетейік, кеше екі аптадан бері комада жатқан спорт журналисі Диас Ахметшәріп дүниеден өткен. Ол "Kazsport" телеарнасының алғашқы директоры, танымал спорт комментаторы ретінде ел есінде қалды.