"Көкірек, енесін сыйлай білмеді": Келіні Жұлдызды отбасына қайта қабылдаған Гүлзира Айдарбекова елді сүйсінтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Елді елең еткізген жаңалығымен продюсер өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт!

Барлығы көріп жүрген күлімсіреу —шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді.
Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға-жеткілікті…", - деп жазды ол.

Көпшілік отбасының қайта татуласқанына қуанса, кейбірі арадағы түсініспеушілікке Жұлдыз Әбдікәрімованы кінәлаған.