"Көз тиеді": Атышулы Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жасырып келген сүйіктісін көрсетті

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Меруерт Түсіпбаева бұған дейін өмірінің қалай зу етіп өте шыққанын айтқан еді.

"Бауырды жеткіземін, баламды өсіремін деп, 50-ден асып, жанталас өмірді доғарып, тек саяхатқа шығып, өмірден ляззат ала білейік деп шештім. Биыл АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа мемлекеттерінде болдым" деп жазды ол.

Сонымен бірге әнші Instagram-ның Stories бөлімінде сүйіктісі бар екенін жария етті.