Өнер иесі қазіргі бет-әлпетін Қытайдағы сапары барысында көрсеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әншінің өзі жаңа образын желідегі парақшасында жүктеген. Онда оның Қытайда жүргенін әрі сол елдің сән шеберлеріне жүгінгенін көруге болады.
"Қытай шеберінен қытайлық макияж" деп жазды ол желідегі парақшасында.
Алайда көпшілікке әншінің бұл образы ұнамаған. Олар: "Ерке Есмахан деп қалдық қой", "Көзін қалай үлкейтті екен, бұрын сығыр болушы еді", "Бетін тартып, көзін ашып бәрі бірдей болып кеткен", "Табиғи түрге жетпейді, неге ота жасатты екен?", "Бұрынғы түріңізбен әлдеқайда сүйкімді болатынсыз" деп жазды олар.