"Құттықтап қойыңыздар": Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Әнші жаңа үйіне жасауын дайындап жатқанын мәлім етті.

"Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады! Құттықтап қойыңыздар!", - деп жазды ол.

Аталған жаңалыққа қатысты оқырмандардың пікірі қақ жарылған. Олардың бірі әншіге бақыт тілесе, енді бірі үшінші рет тұрмыс құрса да, "тыныш, еш шусыз" тұрмыс құруын сұраған.