Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бұл жағдайдан кейін ешкімнен ештеңе күтпеуді және еңбектің ақысын уақытында алған дұрыс екенін түсінгенін айтты.
"Күйеуіме "Бірінші ақшаңды ал сосын ән жаз" деп айтамын. Кезінде Ернар Айдар төрт жыл біздің үйде, Қуаныш ағасының қасында жүрді. Ол кезде Ернар: “Ұстазым, тойға тұрақты, күніге шыға бастасам, сізге міндетті түрде “570” көлігін мінгіземін” деп уәде берген еді. Кейін Қуанышқа Pajero автокөлігін сыйлады. Бірақ арада біраз уақыт өткен соң, сол көлікті қайтадан алып кетті. Қуаныш қатты ренжіп жүрді. Сондай сәттер де өтті. Сонда мен "Ертең сізге үйтемін деген емес, бірден ақысын алған дұрыс. Ешкімнен ештеңе күтпе" дедім. Бір концертте Қуанышқа шапан жауып кеткен кезде Ернарға халықтың өзі "Саған соншама ұстаздық еткен, үйінде тұрғызған адамға ат мінгізбедің бе" деп жазды. Ондай реніштер болды, қазір өтіп кетті. Негізі ешкім ешкімге міндетті емес. Біз сол кезде үйге жатқызбау керек болса, жатқызбау керек еді. Хит әндерді бермеу керек болса, бермеу керек еді. Адам адамға себепші. Ернардың танымал әнші болуы бір Қуаныштан тұрған жоқ. Оның өзінің қаншама еңбегі бар. Өте еңбекқор", – дейді Қарлығаш Сұлтанша.