"Мұнда мені ешкім танымайды": Танымал хит әндердің авторы мұғалімдікті тастап, Англияда құлпынай теріп кетті

Ол онда құлпынай терумен айналысып жүр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сен маған массың», «18-25 қайтып келмейді», «Махаббат жоқ, жоқ деме, жаным» сынды хит әндердің авторы Нұрзат Рахатов Англияда құлпынай теріп кеткен.

TikTok-та тараған шағын сұхбатында ол мұғалім болып жұмыс істегенімен айлықтың аз болғанын, жыл сайын балалы болған отбасына ақша керек болғанын айтып, қосымша табыс іздегенін жеткізді. Сөйтіп интернеттен Англияға жұмысқа шақырту көріп, кетіп қалған.

«Мені мұнда ешкім танымайды, әнші екенімді білмейді. Бірақ бос уақытымда әлі де ән жазамын», – дейді ол.