Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Танымал продюсер әлеуметтік желіде жариялаған видеода "камзол дауына" қатысты пікір білдіріп, күйеуі Тұрсын Алагөзов екеуінің атынан Меруерт Өтекешова өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге көлемінде жеке төлем беретінін айтты.
“Қыз Жібектің жыр болған камзолы әлі де менде. Қазір ол менде. Мен оны күнде киемін, шешемін, қаласам тағы киемін. Бастысы ол менде. Бұл нағыз қазақтың жәдігері. Ол дәл қазір менің қолымда болғанына қуаныштымын. Ерте ме, кеш пе бұл қамзолдың тағдырын тиісті органдар шешіп, ұлттық мұражайға қойылады. Менің айтқым келгені бұл емес, мен Меруерт апайға өз атымнан аз да болса сыйлық жасағым келеді. Қазір ол кісі Астанада, мен Алматыда тұратындықтан, жұмыстың көп болуына байланысты бара алмай жатырмын. Мен ол кісіге “Қыз Жібек” рөлі үшін, Қазақстан өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сіз – мәңгілік Қыз Жібексіз. Сіз – қазақ қызының мәңгілік символысыз. Мен Қазақтың Қыз Жібегіне құндыз тон сыйға тартқым келеді. Мен бұл тонды махаббатпен таңдадым, сізге ұнайды деген үміттемін. Cіз бар жақсыға лайықсыз. Сондай-ақ, күйеуім екеуміздің атынан өмір бойына, ай сайын берілетін 1 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындағымыз келеді. Бұл сіздің қазақ өнеріне қосқан өнеріңіздің бағасы деп біліңіз", - деді Баян Алагөзова.
Сондай-ақ, продюсер өзге де меценаттарға үндеу жасады.
"Театрға, киноға, өнерге бүкіл ғұмырын арнаған, бірақ кейін елеусіз қалып қойған қаншама адам бар екенін білемін. Олар еліміздің әр өңірінде, үлкенді-кішілі қалаларда өмір сүріп жатыр. Сондықтан меценаттарға айтарым - тарихымызды жасаған, өнерімізге қызмет еткен адамдарды ұмытпаңыздар. Қолдау көрсетіңіздер", - деді Баян Мақсатқызы.