Ол сондай-ақ қиын жағдайда не себепті күйеуі мен оның отбасы қасынан табылмағанын мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Естеріңізде болса, Жұлдыз Әбдікәрімова күні кеше аталған іске қатысты баспасөз мәслихатын өткізген еді.
"Актриса Жұлдыз Абдукаримова 3 жыл бұрын Диляра Т. деген әлдекімнің Tumar Grand Village коттедж қалашығында үй соғып беремін деген сөзіне сенген. Нәтижесінде Диляра оның пәтерін алып қойған (ол Жұлдыздың пәтерін өз ағасының атына аударған)
3 жыл өтті, үй салынған жоқ, ол аздай үйдің орны несие ұйымында кепілдікте болып шықты. Диляра Жұлдызға бос уәде беріп келген. Жұлдызбен бірге тағы 10 адамдай зардап шеккен.
Үй жоқ, пәтер де жоқ... Жұлдыз барлық сот пен инстацияларға жүгінген, алайда әзірге жеңіліп қалған...
Ол өз тарапына қоқанлоққы естиді, тіпті "қолыңнан не келеді" дегендей кекетуді де көрген. Сосын "саған баспасөз мәслихатының не керегі бар, қажет адамдарға кірсең болды, бәрі шешіледі" деген кеңестер естіп келеді екен.
Жұлдыз заңның әділдігіне сенетінін әрі бәрі жауапкершілікке тартылатынына сенетінін жеткізді.
Мен Жұлдызды баяғыдан білемін, ол қайтпас қайсар қалайы солдат сияқты... 4 баласы бар, жалғыз... үйі жоқ, бірақ бұған дейін онда бәрі болды...
Оның орнында басқа біреу болса, жылап-сықтап, көмек сұраушы еді.. Ол бірақ өйтпеді, әлі де әділдікке сеніп отыр...
Мен құрбысы және Ана ретінде Жұлдыздың ісіне Жоғары сот және өзге де құқық қорғау органдары араласса екен деймін", - деп жазды ол.