"Отағасы десем жасанды болып кетеді": Әнші Жазира Байырбекова күйеуі Жанболатқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл жаңалығымен әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

"Ғашығым дейін десем жігітім емес - күйеуім. Махаббатым дейін десем, үйлегенімізге 2-3 жыл емес, 28 жыл болып қалыпты. Жас жұбайлар дейін десем, жас емеспіз. Кемпір мен шал дейін десем оған әлі ерте. Отағасы, анау-мынау десем, жасандылық болып кететін сияқты. Замандастар, біз сияқтыларды қалай әсемдеп айтса болады?", - деп жазды ол.

Көпшілік әншінің бұл сөзіне риза болған. Олар: "Иә, отағасыыыы деп сызылып отыра алмайды екенбіз, солай айтатындарға таң қаламын", "Шалым, қара шалым дей беріңіз, біз сияқтығыларға жарасады", "Жігітім дей беріңізші, жас көрінесіздер ғой" деп жазды олар.