"Өз пікірің өзіңде, менде шаруаң болмасын": Оқырманына былапыт сөз айтып, боқтап тастаған танымал әншінің масқарасы шықты

Ол тіпті, оқырмандарының біріне боқауыз сөз айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

Бұл жолы образын өзгертпек болып, елге осы жаңалығымен бөліспек болған Мақпал Исабекова еді. Ол шашының түсін өзгертемін деп, елден оңбай сөз естіді.

Көпшілік оның толып кеткенін, әрі сүйкімсіз болып кеткенін жарыса жазған. Әншіге елдің бұл пікірі ұнамаған сыңайлы. Ол сыни пікір жазған оқырмандарға ерсі жауап беріп, тіпті кейбірін боқтап тастаған.