"Шаршамадыңдар ма?": Мөлдір Әуелбекова курс сатып, байитын блогерлер туралы

Ол адам тек еңбектенсе ғана байитынын ашып айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Мөлдір Әуелбекова пікірін жеке парақшасы арқылы білдірді.

"Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі? Инста ашсаң бәрі ақыл айтып жатыр…
Соның ақылын тыңдасаң, курсын сатып алсаң, конкурсына қатыссаң байып кетеді екенсің, мыс…

Адам екі қол екі аяқпен еңбектенсе ғана бай болады! Жұмыс істе, кәсіп қыл!
Қалғаны бәрі алдамшы, тұрақсыз, уақытша әңгіме! Шаршамадыңдар ма?!? Кішкене бір кідірсеңдершиш қасқа!", - деп жазды әнші.