Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.
Алтынай Жорабаева бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жариялады.
"Аллаға мақтаулар мен мадақтар! Шок болып отырмын. Өткенде BFSU -ға шақырту алып еді ғой.
Енді осы MINZU UNIVERSITY OF CHINA -дан Шақырту келіп, Аяулымда осы екі университетке таңдау тұр. Қазір осы MINZU университетін қарап жүрміз . Содан кейін BFSU -ге барамыз дейді. Салыстырып қараған соң, шешім қабылдаймын дейді. Қазақстандағы Қытай елшілігіне мың алғыс. Бас елшінің :” Екі елдің достығы үшін , болашақ ұрпақ жақсы білім алуы тиіс” деп , бар көмегін аямады.
Әрине, менің бауырымдай болып кеткен Гүлсінайыма алғысым шексіз.
Алла көп көрмесінші! Не деген бақыт! Не деген қуаныш! Алла ұрпағымызбен мақтануды жазсын! Тілек-ниеттеріңіз еселеп қайтсын өздеріңізге", - деп жазды әнші.