Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогердің отбасымен бірге түскен суретімен оның жары Дана Есеева да бөліскен. Айтуынша, Мейіржан Төребаев отбасына түрмеден демалысқа келген екен.
Көпшілік вайнердің түрмеден уақытша, оңай шыққанына таң қалған. Олар: "Отбасыңызға оралғаныңыз жақсы болыпты, бірақо олай шығуға бола ма екен? Бірінші рет естіп тұруым", "Түрмеде отырғаны қайда? Осылай бәрі шыға бере ме сонда?!", "Анаңыз бен балаларыңызды көріп, бір қуанып қалған шығарсыз, ұзағынан болсын! Қалай шықтыңыз? Рұқсат берді ме?", "Істі болған адамдар осылай шыға бере ме сонда" деген пікірлерін жаудырып жатыр.