"Уайымдамаңыздар": Ерке Есмахан өзін Райммен бірге тұрмайды дегендерге жауап берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Instagram-дағы Stories бөлімінде оқырмандарды мазалайтын сұрақтарға жауап берген.

"Әркім өз бөлмесінде, бөлек жатасыздар ма?" деп сұраған оқырмандардың сұрағына әнші былай деп жауап берген:

"Өсек деген осындайдан шығады. Өз бөлмесі дегенім ән жазатын студиясы ғой. Уайымдамаңыздар, жабысып бір бөлмеде, бір жастықта, бірге жатамыз", - деп жауап берді өнер иесі.